Цифрлық кодексті іске асыру тетіктері пысықталды
Астанада Цифрлық кодекс ережелерін іске асыруға арналған конференция өтті.
Сарапшылар мен түрлі сала өкілдерін тоғыстырған алаңда деректер экономикасын дамытуға арналған ұсыныстар мен тың бастамалар көтерілді. “Astana Data Exchange” алаңында маңызды құжаттағы басты ережелер мен оны іске асыру барысы талқылды. Ең маңызды деген 3 платформа таныстырылады. Барлық платформалар Цифрлық кодекстің бірыңғай талаптарына сәйкес жұмыс істейді. Олар операциялардың ашықтығын, ақпараттың қорғалуын, цифрлық деректер өнімдерін пайдалану үдерісінің қадағалануын және заңнама талаптарының сақталуын қамтамасыз етеді. Конференция барысында дербес деректерді қорғау мәселелеріне ерекше назар аударылды.