Ғылым цифрлық форматқа көшіріліп жатыр

Ғылыми саланы цифрлық трансформациялау жалғасып жатыр.

Ғылыми ұйымдар, олардың зерттеу нәтижелері және қаржыландыру туралы мәліметтерді біріктіретін "Қазақстан ғылымы" бірыңғай ақпараттық жүйесі түзіледі. Отандық ғылыми әзірлемелерді өндіріске енгізу мүмкіндіктері де кеңейіп келеді. Былтыр іргелі және қолданбалы зерттеулерді қоса алғанда, 1200-ден астам ғылыми зерттеу аяқталды. Коммерцияландыру бағдарламалары аясында жүздеген жоба іске асты. Олардың көпшілігі нарыққа шығып, бизнес тарапынан инвестиция тартып жатыр. Қазіргі уақытта елде 241 инновациялық жоба жүзеге асырылуда. 30-дан астам жоба халықаралық нарыққа шықты.

2025 жылы

1,2 мыңнан астам ғылыми зерттеу жұмысы

241 инновациялық жоба

30-дан астам әзірлеме әлемдік нарыққа шықты