Білім беру бағдарламасына ЖИ қарқынды енгізіліп жатыр

Премьер-министр Олжас Бектенов

білім беру бағдарламаларына жасанды интеллектіні енгізуде мектептердің инфрақұрылымын жарақтандырудың маңызына тоқталды. Яғни техникалық базаның дайындығына, әдістемелік сүйемелдеуге және ауылдық мектептерде цифрлық ортаны дамытуға жіті мән берілмек. Бұл мақсатта Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова цифрлық сауаттылық және информатика бойынша оқу жоспарлары жаңартылғанын, ауыл мектептері үшін 20-ға жуық әдістемелік ұсыным әзірленгенін, сондай-ақ 240 мыңға жуық педагог білім беру үрдісіне жасанды интеллектіні енгізу бойынша арнайы курстардан өткенін жеткізді. 8 мыңға жуық мектепте интернет сапасы жақсартылса, 1600 ауылдық мектеп жуық арада Starlink желісіне қосылмақ.