Жасанды интеллектті меңгерген мамандарға сұраныс артты

Жасанды интеллект қарқынды дамып жатқан кезеңде жаңа технологияларды меңгерген мамандарға сұраныс артып келеді.

Осыған байланысты елдегі жастарды ЖИ саласына оқытуға басымдық берілуде. Қазір өңірлерде тегін курстар қолға алынған. Соның бірі 12-18 жас аралығындағы балаларға арналған «TUMO Astana» орталығы. Бүгінде мұнда 2 мың 376 оқушы білім алып жатыр. 2026 жылдың соңына дейін бұл көрсеткішті 5 мыңға жеткізу жоспарланған. Президент жолдауындағы тапсырманы орындау барысындағы тағы бір жемісті жұмыс "AI-Sana бағдарламасы". Бұл оқыту мен ЖИ-ді тәжірибеде қолдануды біріктіреді. Базалық оқытудан бастап тәжірибелік қолдануға, кәсіпкерлікке және технологиялық стартаптар құруға дейінгі кезеңдерді қамтиды. Білім ошақтарынан бөлек нейрожеліні меңгеруге мемлекеттік қызмет саласының өкілдері де тартылған. Елде 55 мың мемлекеттік қызметші "AI Qyzmet" бағдарламасы бойынша оқытылды. Аталған курс мемлекеттік қызметшілердің ЖИ қолданудағы практикалық білімдерін жетілдіреді. Негізгі міндет – деректермен жұмыс істеу мәдениетін қалыптастыру және ЖИ-ді мемлекеттік қызметшінің күнделікті жұмыс құралына айналдыру.

Аян Рамазан, ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі цифрландыру департаментінің директоры

Сондай-ақ оқыңыз: