AI & Digital Bridge: стартаптар байқауына 50 IT компания өтті. LIVE
Астана хаб баттл стартаптар байқауына биыл 14 елден 292 өтінім түсіпті. Олардың қатарында Қырғызстан, АҚШ, Швейцария, Ресей, Өзбекстан, Түркия, Араб Әмірліктері, Малазия, Конго стартаптары бар.
Бүгін жартылай финалға іріктелген 50 үміткер айти өнімдерін көпшілікке паш етті. 25 мың АҚШ долларын ұтуға тырысқан ІТ жобалар қандай мәселені шешеді?