AI & Digital Bridge: 60-тан астам келісім жасалды

60-тан астам жаңа келісім жасалды. AI & Digital Bridge халықаралық форумының нәтижесі осындай. 

Премьер-министр форум алаңына барып білім, қаржы, киберқауіпсіздік және өнеркәсіп салаларына арналған ІТ өнімдермен танысты. Үкімет басшысы тиімділігі дәлелденген технологияларды одан әрі кеңінен енгізудің маңызды екенін айтты. Біздің ел кейінгі жылдары цифрлық инфрақұрылымды қарқынды дамытып жатыр. Соның ішінде «Деректерді өңдеу орталықтарының алқабы» мегажобасы қолға алынды. Бұл – Орталық Азиядағы энергетикалық әлеуеті 1 ГВт-қа дейін жететін ең ірі кампус. Премьер-министр мұндай бастамалардың жасанды интеллектіні, ғылыми зерттеулер мен жаңа цифрлық өндірістерді дамытуға негіз болатынын атап өтті.

Сондай-ақ оқыңыз: