Жолдау-2026: цифрлық экономиканы дамыту міндеттері
Президент Жолдауындағы басым бағыттарды халыққа түсіндіру жұмыстары жүріп жатыр.
Осы мақсатта елордадағы Нұра ауданының тұрғындарымен кездесу өтті. Жиында Жолдауда белгіленген міндеттер, соның ішінде цифрлық экономиканы дамыту, жасанды интеллектіні енгізу және халықтың цифрлық сауаттылығын арттыру мәселелері талқыланды. Мемлекет басшысы жаңа технологияларды табыс көзіне айналдырып, кәсіпкерлікке тың мүмкіндік ашу міндетін қойған болатын. Сондай-ақ ауыл тұрғындарының цифрлық қызметтерге қолжетімділігін арттыру және бизнесті қолдау шаралары түсіндірілді. Сондай-ақ Astana Hub орталығында Құрылтай депутаттары Цифрландыру, инновациялар және ғылым комитетінің төрағасы Дархан Ахмедиевтің жетекшілігімен IT саласының өкілдерімен кездесті. Жиында өнімділігі жоғары цифрлық экономиканы қалыптастыру, жасанды интеллектіні коммерцияландыру және жаңа технологиялар арқылы мемлекеттік аппараттағы бюрократиялық кедергілерді азайту мәселелері талқыланды.
Дархан Ахмедиев, ҚР Құрылтайының депутаты, «Әділет» фракциясының мүшесі:
- Мемлекеттік қызметтерден ТОП-10 мемлекеттің арасына кіреміз, яғни келесісі - бұл цифрландыру саласын жай ғана мемлекеттік қызметті алу емес, осы интернетті пайдалана отырып, жаңа технологияларды пайдалана отырып, өзіміздің әлеуметтік жағдайымызды көтеру. Экономикамызды көтеру.