Қ.Тоқаев: Шешім қабылдағанда жұрттың ұсыныс-тілектерін ескеру қажет
Мемлекеттік саясатта талдау, сараптама жасау қызметі, сапалы жүргізілуге тиіс.
Қоғам тынысы әрдайым назарда болуы өте маңызды. Шешім қабылдағанда жұрттың ұсыныс-тілектерін, пікірін ескеру қажет.
«Барлық құзырлы органдар осындай тәсілмен жұмыс істеуге міндетті. Мен мұны үнемі айтып жүрмін. Түптеп келгенде, бұл – тұрақтылық пен тыныштықтың, өсіп-өркендеудің кепілі. «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасының мән-маңызы, өзегі – осында», - деді Президент.