Президент Буяр Османиді қабылдады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының қазіргі төрағасы, Солтүстік Македонияның Сыртқы істер министрі Буяр Османиді қабылдады.
Кездесуде Президент оның ұйым төрағасы ретінде Қазақстанға келуі маңызды екенін атап өтті. Сондай-ақ екі ел арасындағы қарым-қатынасты нығайту перспективаларына айрықша тоқталды. «Еліңізді Қазақстанның Еуропадағы өте маңызды серіктесі ретінде қарастырамыз және біз Скопьеде өз елшілігімізді ашу жөнінде шешім қабылдадық», - деді Президент.
Өз кезегінде Буяр Османи аталмыш ұйымның Орталық Азиямен өзара байланысты дамытуға зор маңыз артып отырғанын мәлімдеді. Оның айтуынша, 2010 жылы Астанада өткен саммит Қазақстанның осы ұйым қызметін қолдаудағы белсенді рөлін көрсетті. Кездесу соңында Мемлекет басшысы Солтүстік Македония президенті, Стево Пендаровскийге ізгі тілегін жолдап, оны елге сапармен келуге шақырды.