Ердоған Тоқаевқа электромобиль сыйлады
![Ердоған Тоқаевқа электромобиль сыйлады](/media/k2/items/cache/9a8a81b72145c5fc6cb7694cf7ccb08b_XL.jpg?t=20231103_121350)
Мемлекет басшысына Түркияда шығарылған TOGG электромобилі сыйға берілді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының 10-шы саммитіне қатысқан Режеп Тайип Ердоғанға ілтипат білдіріп, елорда әуежайынан шығарып салды.
Режеп Тайип Ердоған өзара құрметтің белгісі ретінде Қасым-Жомарт Тоқаевқа Түркияда шығарылған TOGG электромобилін сыйға тартты. Сондай-ақ Мемлекет басшысына жаңа электрокарды өзі таныстырды.
Қасым-Жомарт Тоқаев Режеп Тайип Ердоғанға алғыс айтып, әріптесін TOGG электромобилінің өндірісін табысты іске қосуымен құттықтады.