Қасым-Жомарт Тоқаев пен Тамаш Шуйок келіссөз жүргізді

фото: akorda.kz

Мемлекет басшысы елордаға келген Мажарстан президенті Тамаш Шуйокпен келіссөз жүргізді, деп хабарлайды 24kz.

Қасым-Жомарт Тоқаев мәртебелі мейманға Мажарстан Қазақстан тәуелсіздігін алғаш мойындаған елдердің бірі екенін айтып, тығыз ықпалдастықты қолдайтынын жеткізді. Әрі екі ел арасындағы саяси және экономикалық байланыстарды одан әрі нығайтуға ниет білдірді. Тамаш Шуйок достық қарым-қатынастың тарихи тамырлары барын атап, екіжақты ынтымақтастықтың болашағы зор екеніне тоқталды. Ақордадағы келіссөз кезінде екі ел арасындағы сауда-экономикалық, мәдени және білім беру салаларындағы серіктестікті кеңейту мәселелері талқыланды.