Президент Халықаралық электр байланысы одағының бас хатшысын қабылдады
Мемлекет басшысы Халықаралық электр байланысы одағының бас хатшысы Дорин Богдан-Мартинді қабылдады.
Кездесуде Қасым-Жомарт Тоқаев заманауи цифрлық экожүйе мен дамыған инфрақұрылым қалыптастыру мәселесіне айрықша мән берді. Осы орайда Қазақстанның OneWeb, Starlink, Amazon Kuiper және Shanghai Spacecom Satellite Technology сияқты төмен орбиталы жер серіктері жүйесі жобаларына белсенді түрде қатысатынын атап өтті. Ал Бас хатшы Дорин Богдан-Мартин еліміздің цифрлық индустрияны дамытуға және жасанды интеллект технологияларын енгізуге бағытталған күш-жігеріне жоғары баға берді. Сондай-ақ Қазақстанмен серіктестікті тереңдетуге дайын екенін жеткізді.