Финляндия президенті Астанаға ресми сапармен келеді
Бүгін Астанаға Қазақстан Президентінің шақыруымен Финляндия Президенті Александр Стубб ресми сапармен келеді.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. Сапар аясында мемлекет басшылары келіссөз жүргізіп, екіжақты ынтымақтастықты дамыту перспективасын, сондай-ақ жаһандық және өңірлік күн тәртібіндегі мәселелерді талқылайды.