Түркі елдері арасында алғашқы шахмат чемпионаты өтіп жатыр

Түркістанда Түркі елдерінің шахмат шеберлері бақ сынап жатыр.

Халықаралық додаға жеті елден 24 шахматшы қатысуда. Қазақстан, Әзербайжан, Мажарстан, Қырғызстан, Түрікменстан, Түркия және Өзбекстан спортшылары арасында чемпиондық атақ сарапқа салынады. Қазақстан намысын Асия Асылхан мен Аяру Алтынбек қорғайды.

Ерлер мен әйелдер арасындағы турнирлердің жалпы жүлде қоры 40 млн теңге. Айта кетейік, Түркі шахмат қауымдастығы 2025 жылғы 20 қазанда Астанада құрылды. Биыл ұйымға төрағалық міндеті Қазақстанға жүктелді.  Жарыс 27 қарашаға дейін жалғасады.

Адам Козак, жарысқа қатысушы /Венгрия/:

- Менің жасым 24-те. Мен Венгрия гроссмейстерімін. Бірнеше рет Еуропа чемпионы атандым. Мен осы турнирде Түрікменстаннан келген жігітпен ойнадым. Өте күрделі ойын болды. Тең түстім. Түркі елдері шахматшыларының басын қосу - тамаша бастама. Қазақстанда, оның ішінде Түркістан қаласында ойнап жатқаныма өте қуаныштымын. Менің мұнда алғаш рет келуім.

Бекзат Дәулетов, шахмат турнирінің төрешісі:

- Студенттер арасында өткен 2 жыл бұрын. Енді осындай Түркі елдерінің шахмат қауымдастығы құрылып, бірінші турнирді осы Түркістанда өткізіп жатыр. Бұдан жеңімпаз атанғандар әлем чемпионы болады. Одан кейін әр 2 жылда осындай жарыс өтіп тұрады.

Сондай-ақ оқыңыз: