Қазақстан тәуелсіздігіне 34 жыл

Қазақстан Репусбликасының тәуелсіздігіне - 34 жыл. 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі жарияланды.

Дәл 34 жыл бұрын ел болып, тереземіз басқа жұртпен тең болып, халықаралық деңгейде толыққанды мойындалған мемлекет ретінде өмір сүріп жатқанымызға да 34 жылдың жүзі болды. Тәуелсіздік жылдарында елеулі жетістіктерге қол жеткіздік, бірақ күрделі сын-қатерлерде аз болмады. Түркия алғаш болып Қазақстанда өз елшілігін ашты. 1993 жылы еліміз төл валютасын қолданысқа енгізді. 1990 жылы қазақ тарихында тұңғыш рет президенттік институт құрылды. Заң қабылданды. Саяси тұрғыда тәуелсіздікке жетудің алғышарты қаланып, мемлекетті басқарудың жаңа үлгісі енгізілді.