Бірнеше өңірде дауылды ескерту жарияланды
Бүгін елдің бірнеше өңірінде дауылды ескерту жарияланды. Арқада, Қостанай, Ұлытау мен Батыс Қазақстанда қар жауып, боран соғады.
Сондай-ақ бірнеше өңірде тұман түседі. Қазір Астанада минус алты градус, жолдарда көктайғақ. Мамандар жолда жылдамдықты асырмай, қауіпсіздік шараларын сақтау қажеттігін ескертеді.