Президент Ұлттық құрылтайдың V отырысына қатысады
Қасым-Жомарт Тоқанв Қызылордада өтетін Ұлттық құрылтайдың V отырысына қатысады.
Президент көмекшісі – Баспасөз хатшысы Руслан Желдібай телеграмдағы парақшасында Сыр бойындағы жиында Мемлекет басшысы сөз сөйлейтінін хабарлады. Қасым-Жомарт Тоқаев елдің даму бағдары мен қоғамдағы өзекті мәселелер туралы ойын ортаға салады. Айта кетсек, 2022 жылдан бері Ұлттық құрылтай отырыстары жыл сайын тұрақты түрде өтіп келеді. Құрылтай мүшелері бұған дейін Ұлытау, Түркістан, Атырау және Бурабайда бас қосты.