Қазақстандық конькишілер Италиядағы Олимпиадада үздік ондыққа енді
Қазақстандық конькимен жүгіруші қыздар Италияда өткен қысқы Олимпиада ойындарында үздік ондыққа енді.
Бұл спорт түрінде ел намысын Надежда Морозова мен Елизавета Голубева қорғады. Жүлделер 3000 метр қашықтықта сарапқа салынды. Нәтижесінде Надежда Морозова алтыншы орынға ие болса, Елизавета Голубева оныншы болып мәреге жетті. Ал алтын медальді Италия спортшысы жеңіп алды. Сондай-ақ жүлделі үштікте Норвегия мен Канада спортшылары бар.