«Қайрат» Италияға жетіп, «Аталантаға» қарсы матчқа дайындықты бастады
Алматылық «Қайрат» Бергамо қаласына жетіп, УЕФА Конференция лигасының жалпы кезеңіндегі үшінші тур аясында өтетін сырт алаңдағы матчқа тікелей дайындыққа кірісті.
Қазақстандық клубтың баспасөз қызметі команданың Италия жеріндегі алғашқы жаттығуынан түсірілген кадрлармен бөлісті.
Алматылықтар алдағы матчқа арналған жаттығу жиындарын бас бапкер міндетін атқарушы Жора Арутюнянның жетекшілігімен өткізіп жатыр.
Еске салайық, «Қайрат» пен «Аталанта» арасындағы маңызды кездесу 5 қараша күні өтеді. Матч Астана уақытымен сағат 22:45-те басталады.
prosports.kz