The Times of Central Asia: Қ. Тоқаевтың АҚШ-қа сапары Қазақстан экономикасына серпін береді

Қазақстан мен АҚШ арасында инвестициялық ынтымақтастық жаңа деңгейге көтерілді.

 Қасым-Жомарт Тоқаевтың АҚШ-қа сапары ірі халықаралық корпорациялар және қаржы институттарымен ұзақ мерзімді инвестициялар бойынша келіссөздер жүргізуге мүмкіндік берді деп жазды The Times of Central Asia басылымы. Бұл орайда әйгілі компаниялармен жасалған келісімшарттар жайы, яғни өндіріс пен қоса авиация, денсаулық, медициналық туризм саласындағы уағдаластықтар айтылған. Қазақстан Орталық Азиядағы тікелей шетелдік инвестициялар бойынша басымдыққа ие мемлекет. Мұны 2025 жылғы Дүниежүзілік инвестициялар туралы есебі айғақтайды. Мәселен, 2024 жылы Қазақстанның тікелей шетелдік инвестициялар қоры шамамен 151 миллиард долларға жетті. Бұл орайда Түрікменстан 45, Өзбекстан 17, Қырғызстан мен Тәжікстанның әрқайсы шамамен 4 миллиард доллар шамасында ғана инвестиция тартқан. Вашингтондағы келіссөздер Қазақстанның ұзақ мерзімді институционалдық серіктестік құруға баса назар аударатынын көрсетеді,- дейді The Times of Central Asia. Басылым бұл халықаралық инвесторларды нарықтың тұрақтылығы мен ашықтығына сендіруге бағытталған қадам екенін баса айтқан.