Қ. Тоқаев Әзербайжан еліне қарсы жасалған әрекетті қатаң айыптады
Қасым-Жомарт Тоқаев Иранның ұшқышсыз ұшу аппараттары Нахчыван қаласындағы әуежайды атқылауына байланысты ұстанымын мәлімдеді.
Мемлекет басшысы бауырлас, одақтас Әзербайжан еліне қарсы жасалған әрекетті қатаң айыптады. Бұл жайлы Президенттің кеңесшісі, баспасөз хатшысы Айбек Смадияр әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. Қасым-Жомарт Тоқаев болған оқиғаның мән-жайы Иран тарапымен бірлесіп егжей-тегжейлі тергелетініне, сондай-ақ екі ел арасына сызат салған жағдай аймақтағы ахуалды ушықтырмау үшін дипломатиялық тәсілдер арқылы реттелетініне сенім білдірді.