Қ. Тоқаев Иран президентінің мәлімдемесін қолдады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Уақытша басқарушы кеңестің көрші елдерге шабуылдан бас тартқаны туралы шешімін жеткізген Иран президенті Масуд Пезешкианның мәлімдемесін құптайды. 

Қазақстан Президенті мұны Таяу Шығыстағы шиеленісті бәсеңдетуге бағытталған маңызды қадам деп санайды.