Ормуз бұғазында екі танкер минаға түсті
Ормуз бұғазында мұнай тиеген екі бірдей танкер минаға түсті. Мұны Ислам революциясы сақшылар корпусына сілтеме жасап, «Рейтер» агенттігі хабарлады.
Борттағы экипаж GPS жүйесін өшіріп, Иран әскерилерінің ескертуіне бағынбай, Ормуз «қақпасы» арқылы өтуге әрекет қылған. Зардап шеккендер туралы әзірге ақпар жоқ.
Ұлыбритания теңіз қызметінің мәліметіне қарағанда, өткен айда Ормузда 30-дан аса танкер шабуылға ұшырады.