Елімізде күн 30 градусқа дейін ысиды
Бүгін Астанада күн 18-20 градусқа дейін жылиды. Қала ішінде әредік болмаса, қар қалмағандықтан күрт еріп, су жайылатын қауіп жоқ.
Биыл арқада тоң қалың болғанмен күн бірте-бірте жылығандықтан бұл көктем жайлы болып тұр. Ал оңтүстік өңірлерде 30 градусқа дейін ысиды.