Қ. Тоқаев Оңтүстік Африка республикасының президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Мемлекет басшысы Оңтүстік Африка Республикасының президентіне құттықтау жеделхатын жолдады. 

Қасым-Жомарт Тоқаев Сирил Рамафоса мен оның отандастарын Оңтүстік Африка Республикасының ұлттық мейрамы – Бостандық күнімен құттықтады. Президент екі жақты бірлескен күш-жігердің арқасында дәстүрлі достық пен түсіністікке негізделген ықпалдастық қос халықтың игілігі жолында дами беретініне сенім білдірді. Әрі Оңтсүтік Африка Республикасын Африка құрлығындағы сенімді әрі маңызды серіктестердің бірі деп, Сирил Рамафосаның жауапты қызметіне толайым табыс, халқына бақ-береке тіледі.