Ақордада Израиль Президентін салтанатты қарсы алу рәсімі өтті

Фото: Ақорда

Ақордада елімізге ресми сапармен келген Израиль Президенті Ицхак Герцогты салтанатты қарсы алу рәсімі өтті, деп хабарлайды 24KZ.

Президенттер бір біріне делегация мүшелерін таныстырғаннан кейін Құрмет қарауылының бастығы рапорт беріп, екі елдің әнұрандары орындалды.