Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады
Синоптиктер Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы күрт нашарлайды деп болжап отыр, деп хабарлайды 24KZ.
Солтүстік Қазақстан циклонның ықпалында қалып, жауын-шашын жалғасып жатыр. Қостанай, Ақтөбе, Атырау облыстарында кей жерлерде жауын-шашын күтіліп отыр, шығыс пен оңтүстікте құрғақ және жылы ауа райы сақталады.