Мемлекет басшысы Бақытжан Сағынтаевты қабылдады

28-29 мамыр күндері Астанада Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысы мен V Еуразиялық экономикалық форумы өтеді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы Бақытжан Сағынтаевты қабылдады. Мемлекет басшысына осы жиындарға дайындық барысы баяндалды. Сондай-ақ кеңес қызметінің басты бағыттары және Қазақстанның 2026 жылы Еуразиялық экономикалық одақ органдарына төрағалығы барысында іске асырылатын жобалар жайында айтылды. Одан бөлек, жасанды интеллектіні жауапкершілікпен дамыту жөніндегі Бірлескен мәлімдемені әзірлеу жұмыстарының аяқталғаны туралы мәлім етілді. Құжат экономика саласындағы нейрожелі технологияларын дамыту бойынша интеграциялық бірлестік елдері ынтымақтастығының негізгі бағыттарын айқындайды.