Түркия президенті Астанаға мемлекеттік сапармен келеді

13-14 мамыр күндері Түркия Президенті Реджеп Тайип Ердоған Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен мемлекеттік сапармен Астанаға келеді.

Мемлекет басшылары екі жақты қарым-қатынастың қазіргі жағдайы мен болашағын талқылайды. Сонымен қатар Қазақстан мен Түркия арасындағы Жоғары деңгейдегі стратегиялық ынтымақтастық кеңесінің алтыншы отырысы өтеді.

15 мамырда Түркістан қаласында Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің басшыларының бейресми саммиті ұйымдастырылады. Жиында «Жасанды интеллект және цифрлық даму» тақырыбы талқыланады.