24 мамырға арналған ауа райы болжамы

24 мамырда күндіз Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай күтіледі.

Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман. Жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың шығысында, оңтүстігінде, орталығында, төтенше өрт қаупі сақталады. Жезқазған қ.: 24 мамырда төтенше өрт қаупі сақталады.

24 мамырда таңертең және күндіз Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың шығысында күші 15-18 м/с. Облыстың батысында, шығысында жоғары өрт қаупі, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Қарағанды қ.: 24 мамырда таңертең және күндіз кей уақыттарда жаңбыр, найзағай күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Астана

Астана қ.: 24 мамырда түнде жаңбыр, найзағай күтіледі, күндіз аздаған жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, түнде екпіні 15-18 м/с.

24 мамырда Қызылорда облысында жел шығыстан, солтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Облыстың батысында, орталығында жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде, солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылорда қ.: 24 мамырда төтенше өрт қаупі сақталады.

24 мамырда Жетісу облысында солтүстік-шығыстан жел күтіледі, Алакөл көлдері ауданында екпіні 15-20 м/с. Түнде облыстың таулы аудандарында 1 градус үсік. Облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт каупі, облыстың шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Талдықорған қ.: 24 мамырда жоғары өрт каупі күтіледі.

24 мамырда Жамбыл облысының таулы аудандарында жаңбыр, найзағай, тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі. Облыстың солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

24 мамырда Атырау облысында жоғары өрт қаупі сақталады. Атырау қ.: 24 мамырда жоғары өрт қаупі сақталады.

24 мамырда түнде Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі, күндіз жаңбыр, найзағай, облыстың солтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Түнде облыстың шығысында 1 градус үсік күтіледі. Облыстың орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. Өскемен қ.: 24 мамырда жаңбыр, күндіз найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысады, күндіз екпіні 15-18 м/с.

24 мамырда Абай облысының батысында, солтүстігінде, орталығында жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с. Облыстың шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Семей қ.: 24 мамырда жаңбыр, күндіз найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с. 

24 мамырда түнде Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жаңбыр, найзағай, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде аздаған жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың батысында, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Көкшетау қ.: 24 мамырда түнде жаңбыр, найзағай күтіледі.

24 мамырда Батыс Қазақстан облысында жоғары өрт қаупі сақталады. Орал қ.: 24 мамырда жоғары өрт қаупі сақталады.

24 мамырда түнде Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай, күндіз облыстың батысында жаңбыр, найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысады, түнде облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың батысында, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

24 мамырда Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында 15-20 м/с. Облыстың солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Шымкент қ.: 24 мамырда күндіз өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Түркістан қ.: 24 мамырда солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. 

24 мамырда түнде Маңғыстау облысының батысында тұман күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың солтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі күтіледі. Ақтау қ.: 24 мамырда түнде кей уақыттарда тұман күтіледі. 

24 мамырда Қостанай облысының облыстың солтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, оңтүстігінде тұман. Облыстың орталығында, оңтүстігінде, батысында, солтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Қостанай қ.: 24 мамырда күндіз жаңбыр, найзағай күтіледі.

24 мамырда Павлодар облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел солтүстікке ауысады, облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Павлодар қ.: 24 мамырда түнде жаңбыр, найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел солтүстікке ауысады, екпіні 15-20 м/с.

24 мамырда түнде Алматы облысының тау бөктеріндегі, таулы аудандарында тұман күтіледі. Облыстың солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Іле Алатауы (Алматы қаласының Медеу және Бостандық аудандарының таулы аймақтары) бойынша: 24 мамырда түнде кей уақытта тұман күтіледі.

23-25 мамырда Ақтөбе облысы бойынша жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтөбе қ.: 23-25 мамырда жоғары өрт қаупі сақталады.

22-24 мамыр аралығында жаңбыр болжамына (кей уақыттарда қатты) байланысты Түркістан облысының таулы және тау етегіндегі аудандарындағы өзендерде жоғарғы ағыстан судың жетуі және су деңгейлерінің көтерілуі күтіледі. Соның салдарынан судың жайылуы мен басуы мүмкін.

22-24 мамыр аралығында қатты жаңбыр болжамына байланысты Алматы облысының таулы және тау етегіндегі аймақтары мен Алматы қ. маңындағы таулы аймақтарда беткейлік ағынның қалыптасуы мен өзендерде су деңгейлерінің көтерілуі күтіледі. Соның салдарынан кейбір аумақтарда су жайылуы мен су басуы мүмкін.

22-24 мамыр аралығында қатты жаңбыр болжамына байланысты Жетісу облысының таулы және тау етегіндегі аймақтарда беткейлік ағынның қалыптасуы мен өзендерде су деңгейінің көтерілуі күтіледі. Соның салдарынан кейбір аумақтарда су жайылуы мен су басуы мүмкін.

Қазгидромет