Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасын қабылдады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Самұрық-Қазына» қорының басқарма төрағасы Нұрлан Жақыповты қабылдады. 

Мемлекет басшысына биылғы 5 айдағы жұмысы мен алдағы даму жоспарлары таныстырылды. Нұрлан Жақыповтың айтуынша, өткен жылдың қорытындысы бойынша қор активтері 88 миллиард долларға жеткен. Биыл жалпы құны 3,3 триллион теңгені құрайтын 16 ірі жоба жүзеге асырылады. Оның ішінде жаңа теміржол желілерін салу, Қашағандағы газ өңдеу зауытын іске қосу, энергетикалық нысандарды жаңғырту және цифрлық инфрақұрылымды дамыту жобалары бар. Сондай-ақ Қордың әлеуметтік бастамалары арқылы жыл сайын шамамен 1 миллион қазақстандыққа қолдау көрсетілетіні айтылды. «Таза Қазақстан» акциясы аясында ел бойынша 5 миллион көшет отырғызу жоспарланған. Бұдан бөлек, биыл қазан айында Қосшы қаласында жаңа суперкомпьютер іске қосылады. Бұл Қазақстанның жасанды интеллект саласындағы мүмкіндіктерін кеңейтуге жол ашады. Кездесу соңында Президент негізгі инвестициялық жобаларды уақытылы әрі сапалы жүзеге асыру жөнінде бірқатар тапсырма берді. 

Нұрлан Жақыпов, «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы: 

- Биыл жылдың аяғына дейін Қосшы қаласында дата орталық іске қосылатын болаты. Бұл орталықта NVIDIA чиптерін пайдаланатын боламыз. Яғни қазіргі таңда суперкомпьютердің қуаттылығын 4 есе арттыратын боламыз.