Тәуелсіздік сарайында Грузия Премьер-министрін қарсы алу рәсімі өтті

Елге Грузия Премьер-министрі ресми сапармен келді. Ираклий Кобахидзені салтанатты қарсы алу рәсімі Тәуелсіздік сарайында өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ираклий Кобахидзе бір-біріне делегация мүшелерін таныстырды. Құрмет қарауылы ротасының бастығы рапорт берген соң Қазақстан мен Грузияның әнұрандары шырқалды.