Грузияда 22 қараша Жалпыұлттық аза тұту күні деп жарияланды

Грузияда 22-і қараша Жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды. Ел астанасы Тбилисиде 19 қарашада тұрғын үйде жарылыс болып, 6 адам қаза тапты. Оның біреуі – кәмелет жасқа толмаған бала, деп хабарлайды 24KZ.


Жойқын жарылыс толқынынан үйдің бір бөлігі опырылып түсті. Үйінділер астынан тірі қалғандарды төтеншеліктер 15 сағат бойы іздеді. 3 жасар қыз бала аман табылды. Бес адам жарақат алды. Алдын ала мәлімет бойынша, қайғылы оқиғаға бесінші қабатта табиғи газдың таралуы себеп болған. Тұрғын жылытқыш қондырғыны қоспақ болған кезде газ атылды. Ел Үкіметінің қаулысына сәйкес барлық мемлекеттік тулар төмен түсіріледі.

Сондай-ақ оқыңыз: