Президент Руанда президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Мемлекет басшысы Руанда Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады.
Қасым-Жомарт Тоқаев Поль Кагаме мен оның отандастарын Руанда Республикасының ұлттық мейрамы – Тәуелсіздік күнімен құттықтады. Жазбада Руанда Республикасы Қазақстанның Африкадағы сенімді серіктесі саналатынын атап өтті. Сонымен қатар екіжақты ынтымақтастық қос халықтың игілігі жолында дами беретініне сенім білдірді.