Елорда күні елде 448 сәби дүниеге келді

Елорда күні 448 сәби дүниеге келді. Оның 223-і - ұл, 225-і - қыз. Мереке күні Астанада екі егіз өмір есігін ашты.

Өңірлер арасында Түркістан облысы көш бастап тұр. Онда 67 шарана өмірге келді. Алматыда - 44, Шымкент қаласы мен Алматы облысында 40 нәрестеден дүниеге келді. Дәрігерлердің айтуынша, босандыру қызметін көрсететін медициналық ұйымдарда жүкті әйелдер мен жаңа туған нәрестелерге тәулік бойы қауіпсіз әрі сапалы медициналық көмек көрсетіледі.