Мемлекет басшысы Ұлытау облысының әкімі Есет Байкенді қабылдады
Президент Ұлытау облысының әкімін қабылдады. Есет Байкен өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму барысы және жоспарларын баяндады.
Атап айтқанда, аймақтағы инфрақұрылымды дамыту, инвестиция тарту, өнеркәсіп әлеуетін көтеру, инженерлік желілерді жаңғырту және тұрғындарға сапалы әлеуметтік қызмет көрсету жайында мәлімет берді. Сондай-ақ басым жобаларға қатысты ұсыныстар айтылды. Кездесу соңында Мемлекет басшысы облыстың орнықты дамуын қамтамасыз етуге, өңірдің инвестициялық тартымдылығын арттыруға және азаматтардың тұрмыс сапасын жақсартуға бағытталған бірқатар тапсырма берді.