Қазақстандық семсерлесушілер Азия ойындарында алтын медаль алды

ХХ жазғы Азия ойындарында ел қоржынына кезекті алтын медаль түсті. Семсерлесудің сапы бағдарламасында Қазақстан ерлер құрамасы финалда Оңтүстік Кореядан басым түсті. 

Жерлестеріміз қосымша сайыста жеңісті жұлып алды. Биыл әлем чемпионатында топ жарған отандық семсерлесу шеберлері үшін бұл – Азиада тарихындағы 3-ші алтын. Спорттың осы түрінен ұлттық құрамамыз араға 24 жыл салып, жеңімпаз атанып отыр.

Сондай-ақ оқыңыз: