Әлемдік нарықта алтын бағасы 1,5% қымбаттады
Әлемдік нарықта алтын бағасы 1,5 пайызға өсіп, бір троя унциясының құны 4 125 долларға жетті. Күміс шамамен 3 пайызға, ал платина 1,6 пайызға қымбаттады. Бұған мұнай бағасының арзандауы себеп. Өйткені, жанармай құнының төмендеуі инфляциялық тәуекелдерді азайтты. Бағалы металдар нарығындағы өсімге АҚШ долларының әлсіреуі де ықпал етіп отыр.