Еліміздің бірқатар өңірінде ауа райы құбылмалы болады
Бүгін Қазақстанның бірқатар өңірінде ауа райы құбылмалы болады, деп хабарлайды 24KZ.
Солтүстік, орталық және шығыс өңірлерде түнде -1-3 °C дейін үсік жүреді. Күндіз ауа температурасы +15...+23 °C аралығында болады. Батыс өңірлерде күн +26 °C-қа дейін ысиды. Түркістан облысында күндіз шаңды дауыл соғуы мүмкін.
Метеорологтардың болжамынша, Астанада күн ашық, жауын-шашынсыз болады. Күндіз ауа температурасы +15+17 °C-қа дейін көтеріледі, түнде -2 °C шамасында болады. Желдің жылдамдығы 8,8 м/с, кей уақытта 15–18 м/с-ке дейін күшеюі мүмкін.
Алматыда көшпелі бұлтты ауа райы сақталады, жауын-шашын күтілмейді. Күндіз ауа температурасы +21+23 °C-қа дейін көтеріліп, түнде +8+11 °C аралығында болады. Желдің жылдамдығы шамамен 2,5 м/с.
Шымкентте күн бұлтты болып, өткінші жаңбыр жаууы және найзағай болуы мүмкін. Күндіз ауа температурасы +22+26 °C-қа дейін көтеріледі, түнде +11 °C шамасында болады. Желдің жылдамдығы 3,8 м/с, кей жерлерде екпіні 15–20 м/с-ке дейін жетуі ықтимал.