Төрехан Сабырхан Азия ойындарында алтын алды

Төрехан Сабырхан қазақ боксшылары арасынан араға 12 жыл салып, Азия ойындарының чемпионы атанды.

Отандасымыз финалда 70 келіге дейінгі салмақта иорданиялық Зейад Ишаишпен жұдырықтасып, төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен жеңіске жетті. Қорытынды есеп 5:0. Қазақ боксшылары соңғы рет 2014 жылы Джакартада өткен Азия ойындарында топ жарды. Ал 2018 және 2022 жылдары алтынсыз оралған еді. Айта кетейік, бұл Қазақстан құрамасының Азия ойындарында жеңіп алған 10-шы алтыны. 

Сондай-ақ оқыңыз: