Президент еңбек адамдары алдында сөз сөйледі

Мемлекет басшысы ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің үшінші форумында сөз сөйлеп, шаруаларды кәсіби мерекесімен құттықтады. Ауыл шаруашылығы –  ел экономикасы үшін стратегиялық маңызы айрықша сала екенін атап өтті. Биыл ауа-райының қолайсыз болғанына қарамастан күзгі жиын-терінде ел бойынша 24 жарым миллион тонна дақыл жиналғанына тоқталды.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Сондықтан бұл форумды жалпыұлттық ауқымдағы нағыз елдік басқосу десек те қате болмас. Ең алдымен, қазір сөз сөйлеп, өз көзқарасымен бөліскен азаматтарға, инвесторларға алғыс білдіремін. Су ресурстарын үнемдеу, жайылымдық жерлерді тиімді пайдалану, ауыл еңбеккерлерінің әлеуметтік жағдайын жақсарту және басқа да өзекті мәселелерге қатысты мазмұнды пікірлер, ұтымды ұсыныстар айтылды. Үкімет және құзырлы министрлік осы мәселенің бәрін міндетті түрде назарға алуы керек.

Сондай-ақ оқыңыз: