Қазақстанға Оман Сұлтаны мемлекеттік сапармен келеді
5-6 қазан күндері Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Қазақстанға Оман Сұлтаны Хайсам бен Тариқ Әл Саид мемлекеттік сапармен келеді, деп хабарлайды «24KZ» Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жоғары деңгейде өтетін келіссөздер барысында тараптар саяси диалогты нығайту, сондай-ақ сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты кеңейту перспективасын талқылайды деп жоспарланып отыр. Сонымен қатар мемлекеттер басшылары қазақ-оман бизнес форумына қатысады.