Қазақстан Президенті мен Оман Сұлтаны АХҚО-ға барды  

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Оман Сұлтаны Хайсам бен Тариқ Әл Саид «Астана» халықаралық қаржы орталығына барды.

Екі мемлекеттің басшыларына орталықтың қазіргі жұмысы, инвестиция тарту тетіктері және халықаралық қаржы нарығындағы мүмкіндіктері таныстырылды. Қаржы орталығы жұмысын бастағалы Қазақстан экономикасына 28 млрд доллардан астам инвестиция тартылды. Қазір оның аумағында әлемнің 90 елінен 6600-ден астам компания тіркелген. Мемлекет басшылары қаржы қызметтерін реттеу жүйесі, Қаржы орталығының Соты мен Халықаралық төрелік орталығының жұмысы туралы мәлімет алды. Исламдық қаржыландыруды дамыту бағытындағы жұмыстар да сөз болды. Бұл сала Қазақстан мен Оман арасындағы экономикалық ынтымақтастықты кеңейтудің перспективалы бағыттарының бірі ретінде қарастырылып отыр. Сонымен қатар меймандарға AIFC Intelligent Digital Assistant интеллектуалды цифрлық ассистентінің мүмкіндіктері таныстырылды.

Сондай-ақ оқыңыз: