Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады

depositphotos.com

6–8 қазанда атмосфералық фронттардың әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады, деп хабарлайды «24KZ» «Қазгидромет» РМК сілтеме жасап.

Жаңбыр жауады, елдің солтүстік-батысында, солтүстігінде және шығысында жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын күтіледі. Көктайғақ құбылыстары, бұрқасын және екпінді жел болжанады. Республика бойынша жел күшейіп, түнде және таңертең тұман түседі.

Ауа температурасы елдің батысында түнде +2+12°С-қа дейін, күндіз +17+22°С-қа дейін жоғарылайды.

Солтүстік-батыста, солтүстікте түнгі ауа температурасы -1-6°С-тан +3+13°С-қа дейін, күндіз 0,+5°С-тан +5+20°С-қа дейін көтеріледі.

Шығыста және орталықта түнде ауа температурасы негізінен 0,+7°С, күндіз +2+15°С болады.

Оңтүстікте және оңтүстік-шығыста түнгі ауа температурасы +2+8°С-тан +5+10°С-қа дейін жоғарылайды, таулы аудандарда 1-3°С аяздан 0,+5°С-қа дейін болады. Күндіз ауа температурасы +12+17°С-тан +17+22°С-қа дейін, таулы аудандарда +4+9°С-тан +9+14°С-қа дейін жоғарылайды.

Сондай-ақ оқыңыз: