Қазақстан өңірлерінде қолайсыз ауа райы күтіледі

Сурет ЖИ көмегімен жасалған

21 қарашада Қазақстанның бірқатар өңірінде қолайсыз ауа райы болжанады, деп хабарлайды 24KZ ҚР ТЖМ сілтеме жасап.

Астанада күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде -4...-6°C, күндіз +4...+6°C.

Алматыда күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 3-8 м/с. Түнде ауа температурасы +4...+6°C, күндіз +14...+16°C.

Шымкентте бұлтты, жаңбыр жауады. Жел 8-13 м/с, екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетеді. Ауа температурасы түнде +9...+11°C, күндіз +18...+20°C.

Астана мен бірқатар облыста тұман түсіп, көктайғақ болады. Шымкент қаласы мен Түркістан облысында жаңбыр, найзағай және екпіні 20 м/с-қа дейін жететін қатты жел күтіледі.

Еліміздің батыс өңірлерінде желдің екпіні 23 м/с-қа дейін күшейеді. Кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады.

Сондай-ақ оқыңыз: