Мемлекет басшысы саммит аясында бірқатар кездесу өткізді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ереванда өтіп жатқан Биоалуандылық мәселелері бойынша саммит алаңында бірқатар кездесу өткізді.

ЮНЕСКО Бас директоры Халед Әл-Ананимен болған жүздесуде Қазақстанның ЮНЕСКО-мен білім беру, ғылым және мәдениет салаларындағы ықпалдастық перспективасы талқыланды. Сондай-ақ халықаралық бастамаларды ілгерілетудегі ынтымақтастықты кеңейтудің маңызы айтылды. Ал Еуропалық комиссияның таза, әділ және бәсекеге қабілеттілікке көшу мәселелері жөніндегі атқарушы вице-төрағасы Тереза Риберамен әңгімелесу барысында Қазақстан мен Еуропалық одақтың орнықты даму, энергетика және қоршаған ортаны қорғау саласындағы ынтымақтастығын нығайту мәселелері қозғалды.

Сондай-ақ оқыңыз: