Президент семсерлесуден Қазақстан құрамасын ӘК кезеңіндегі жеңісімен құттықтады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Касабланкада өтіп жатқан семсерлесу Әлем кубогі кезеңінің жеңімпазы атанған Қазақстан құрамасын құттықтады.
Осы жеңістің нәтижесінде спортшыларымыз Халықаралық семсерлесу федерациясының рейтингінде алғаш рет бірінші орынға шықты. Қасым-Жомарт Тоқаев спортшылар әлемнің ең айтулы додаларында Қазақстанның көк туын желбірете беруіне тілектес екенін білдірді.