Елбасы жолдауы ұлттық экономиканың дамуына тың серпін береді

Елбасы жолдауында көрсетілген бастамалар ұлттық экономиканың өсіп-өркендеуіне тың серпін береді.

Қазақстан Стратегиялық зерттеулер институтының сарапшылары осылай дейді.

Анна Альшанская, Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты бөлімінің ғылыми қызметкері:

- Қазақстан Президентінің жолдауы ұзақ мерзімді стратегиялық жоспарға негізделген. Елбасы бүгінгі жаһандық өзгерістерге бейімделу қажеттігін айтты. Сондықтан экономикалық өсімнің жаңа моделі өндірістің жаңа деңгейіне көтеріп, халықтың әл-ауқатын жақсартуға ықпал етеді.

Ескендір Ақылбаев, Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты бөлімінің ғылыми қызметкері:

- Лаңкестерден төнетін қауіп күннен-күнге күшейіп келеді. Сол себепті әлем елдері бұл қауіппен бірлесіп күресуі керек. Елбасының жолдауында ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған бастамалар туралы да айтылды. Осыған орай қазір Қазақстан киберқауіпсіздік қорғанысы жөнінде бағдарлама құруды жоспарлап отыр.