Жаңғырту жоспары экономикалық өсімге жаңа жол ашады – сарапшы

Орталық коммуникациялар қызметінің директоры Евгений Кочетовтің пікірі осыған саяды.

Оның айтуынша, соңғы 50 жылда жаңғырту кезеңінен өткен елдер саусақпен санарлық. Қазақстан бұл асуды еңсерсе, Азия барысы атауына лайық, өзге де дамыған елдермен терезе теңестіретін болады.

Евгений Кочетов ҚР АКМ Орталық коммуникациялар қызметінің директоры

- Елбасы инфляциялық таргеттеуге баса назар аударды. Өз жолдауында жаңа инфляцияның дәлізіне жету қажеттігі айтылған. Оны бағындыру бір екі жылдың ішінде болмайтынын түсінуіміз керек. Оған кейде 5-6 жылға дейін уақыт кетеді. Әр ел көздеген межесіне әрқалай жеткен. Бастысы мақсат айқын. Енді сол жолдан таймау керек.