АЭФ-ке Беларусь премьер-министрінің бірінші орынбасары В.Матюшевский келеді

Еуразиялық экономикалық одақ пен Иран арасындағы ынтымақтастықты нығайту мәселесі Астана экономикалық форумында кеңінен талқыланады.

Осы мақсаттағы арнайы «Жаһандық стратегия әлемі» панельді жиынына одаққа мүше 5 елдің де өкілдері қатысады. Осы тақырып төңірегінде  Беларусь Республикасы премьер-министрінің бірінші орынбасары Василий Матюшевский сөз сөйлейді. Одақ пен Иран экспорттаушылары үшін қандай мүмкіндіктер ашылады? Сауда режимінде қандай өзгерістер күтеді? Келісім осы мемлекеттер арасындағы қарым-қатынасты тұжырымды жаңа стратегиялық деңгейге шығара ала ма? Ынтымақтастықты тереңдетудің одан арғы келешегі қандай? Осы және басқа да мәселелер жан-жақты талқыланатын болады. Айта кетейік, Иран мен Еуразиялық экономикалық одақ еркін сауда аймағын құру жөнінде келіссөздер жүргізіп, ортақ уағдаластыққа келген болатын. Яғни қос тарап алдағы 3 жылда осы бағытта бірлесіп жұмыс істейді. Бұл бастама елдер арасындағы экономикалық байланысты одан сайын нығайта түспек.